Кемшілік көрді

lat: Kemshilik kórdi

Жоқтықтың азабын тартты, қиыншылық көрді. Ауылда жас жүріп Ажар, Көп к е м ш і л і к к ө р і п Ажар. Оқысам деп арман қылды, Басқаларды көріп Ажар (И.Байзақов, Құралай.). Елінен к е м ш і л і к т і к ө р д і деген, Жапқан жала кемшілік берді деген (Айтыс).